«Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында ғылыми семинар өттіFarabi University

51

«Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті

7 қараша, 2022

2022 жылдың 7 қараша күні «Шығыстану» мамандығының 2-курс магистранты Күлес Айнұр ғылыми семинарда баяндама жасады. Семинар тақырыбы «Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы (1992-2022 жж.)», соның ішінде екі елдің банкаралық қатынасы аясында өрбіді.

Қытай мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығын тұрақты негізде талдап, ынтымақтастық орнауының нақты мерзімдері мен қадамдарын көрсете отырып, екі ел экономикасына тигізген әсері туралы қорытындылар жасалды. Семинарға кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары мен оқытушы профессорлық құрам, докторанттар, магистранттар қатысты. Семинар соңында сұрақтар қойылып, тақырып кеңінен ашыла түсті.