Шығыстану факультетінің 4 курс студенттері "Центр карьеры" өкілдерімен кездесу өткіздіFarabi University

51

Шығыстану факультетінің 4 курс студенттері "Центр карьеры" өкілдерімен кездесу өткізді

4 қараша, 2022

Бүгін, 2022 жылдың қараша айының 3 жұлдызында, Халықаралық Қатынастар факультетінде, Шығыстану факультетінің ұйымдастырылуымен "Центр Карьеры" өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында "Халықаралық Қатынастар факультеті"," Шығыстану факультеті" 4 курс студенттері - жеңіп алған гранттарын қалай ақтауға болатыны туралы сөз етті. Жиын барасында магистратураға түскен талапкерлер өздерінің бакалаврлық гранттарын оқуымен жаба алатындығы, бар оқу барысы өз соңынан 3 жыл шамасымен ақталатындығы тілге тиек етілді. Үкіметпен бөлінген гранттар ақтамаған жағдайда білім алушының сотқа берілуі шешімі заңмен қадағалатыны ескертілді. Ал "Beam.kz" және "Rabota_kz" өздерінің жұмыс вакансияларын түсіндіріп ұсынды. Ал, докторантураға  түскен жандар өздерінің грантын тек ғылыми бағытта,  немесе,  Қазақстан республикасының ЖОО-да өтей алады.  Қортындылай келсек 4-ші курс студенттерімен кездесу ойдағыдай өтіп, грантты ақтау туралы ақпарат барлығына толықтай жеткізілді.