«МЕЙІРІМДІЛІК - ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ!»Farabi University

51

«МЕЙІРІМДІЛІК - ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ!»

4 қараша, 2022

2022 жылдың қараша айының 3-ші жұлдызында сағат 12.30-13.20 аралығында Филология факультеті, шетел тілі кафедрасының аға оқытушылары Айсултанова К.А., Мусанова Г.А., Алиярова Л.М., Атабаева Г.К. басшылығымен және де Заң факультетінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Айналаңды нұрландыр!» университет жобасы аясында «Мейірімділік - әлемді құтқарады!» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиелік іс-шара Заң факультетінің №400 аудиториясында өтті.

       Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – бұл студенттердің санасына мейірімділік және қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, студенттерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Сонымен қатар, студенттердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық пен алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік пен ізеттілікке тәрбиелеу.

     Тәрбиелік іс-шара ағылшын және қазақ тілінде өтті: іс-шараны ағылшын тілінде «Құқықтану» мамандығының 105 топ студенті Сапарали Еркежан жүргізді, ал қазақ тілінде 102 топ студенті Мухамедқали Бекарыс жүргізді. Тәрбиелік іс-шараның кіріспе бөлімі барысында студенттер «Айналаңды нұрландыр!» университет жобасы туралы толық мәлімет алды. Негізі бөлімде 105 топ студенті Ерсултан Разалия «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа өз жауабын плакат жасап, студенттерге түсіндірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында көрермен болып қатысқан басқа да студенттердің осы сұраққа жауаптары мен пікірлері тыңдалды. Тәрбиелік іс-шарада 102 топ студенті Тастайбекова Еңліктің әнін тыңдап, 109 топ орыс бөлімі студенті Султанбекова Сабинаның лесгинка биін тамашалады. Осы топтың студенті Қуандықов Арыстан орыс жазушысы Андрей Дементьевтің «Добрата» өлеңін жатқа оқыды.

   Тәрбиелік іс-шараның қорытынды бөлімінде аға оқытушы Мусанова Г.А. заң факультетінің студенттеріне тәрбиелік іс-шараға белсене қатысқандары үшін өз алғысын білдірді.