Қытайтанушы ғалымның мақаласы жарық көрді

2022 жылдың 16-22 қазан аралығында Пекинде Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезді өтті. ҚХР-дағы осы жиын бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Бұл оқиға Қытайды зерттеп отырған бір орталық ретінде Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының да назарынан тыс қалып отырған жоқ. Неге бүкіл әлем осы жиынға жіті көз салып, алаңдап отыр? Бұл жиынның не маңызы бар? Ол жерде не айтылды? Қандай шешімдер қабылданды? Ол шешімдердің әлемге, Орта Азия мемлекеттеріне, Қазақстанға қандай да бір әсері немесе ықпалы болады ма? Осы сұрақтарға Қытайтану кафедрасының профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы Abai.kz сайтында шыққан екі мақаласында жауап беруге тырысты. Мақалада келтірілген дәлел-дәйектер, фактілер, болжамдар еліміздегі біраз мамандардың талқысына арқау болды.Қытайда Си Цзиньпин дәуірі басталады (abai.kz)ҚКП ОК-ның жаңа құрамы және саяси бағытының елімізге әсері (abai.kz)
Басқа жаңалықтар

