Жапонтану бөлімінің құрметті ұстазы факультетке арнайы келді

Шығыстану факультетінде осыдан тура 30 жыл бұрын ашылған жапонтану бөлімінің алғашқы ұстаздарының бірі Хироши Окауа Жапониядан Түркияға бара жатқан сапарынан ат басын бұрып, факультетке арнайы соқты.
Хироши Окауаны жапонтану бөлімінің негізін қалаушылардың бірі деп айтсақ болады. Абай атындағы ҚазҰПУ филология факультетінің магистратурасын қазақша тәмамдап, жапон әріптестерімен бірге «Қазақша-жапонша тілдескіш» («ылым», 1995) «Жапонша-қазақша қысқаша сөздік» («ылым», 1997) шығарған. Окауа сенсей қазір Жапонияда түрік тілінен сабақ береді. «Ookawa torukogo kyoushitsu» деп аталатын өз жекеменшік курсын ашып, түрік тілінің бірнеше оқулығын жазған тәжірибелі маман.
Қадірлі ұстаз факультетте қызмет істейтін өзінің бұрынғы шәкірттерімен және жапонтану бөлімінің басқа да оқытушылармен жүздесіп, бөлімнің тарихы мен қазіргі ахуалы, тіл оқытудың кейбір мәселелері жайлы ой-пікір бөлісті.
Басқа жаңалықтар

