
ИсаеваАсияМаратқызы31ғылымимақаланың,оныңішіндеҚазақстанРеспубликасыБілімжнеғылымминистрлігіБілімжнеғылымсаласындағыбақылаукомитетіұсынғанжурналдарда9мақаланың,Жоғарыаттестаттаукомиссиясыныңжурналдарында9мақаланыңавторы. SCOPUS(Q1,Q3) бойынша индекстелген журналдардағы 3 мақаласыжне халықаралық конференция материалдарындағы 3 жарияланымы бар. Н-индексі3. 2021 жылы Л.Т. ЕралиеваменESPID-39 конференциясындапостерлық баяндамасын жасады(Швейцария, Женева). 2019 жылдан бастап Асия Исаеваның ғылыми тәлімгері медицина ғылымдарының докторы, профессор Ералиева Л.Т. (бірлесіп 10 ғылыми мақала жарияланды).2018-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығында «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ғылыми бөлімінің қызметкері болды.
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында Исаева Асия ғылыми жетекшілері Танбаева Г.З. (медицина ғылымдарының докторы, профессор, МВА, технология жне ғылым саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты) жне Ералиева Л.Т. (медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директорының клиникалық жне ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары) «Қазақстан Республикасында 2010 жыл мен 2020 жыларалығындағы1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониядан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштерін талдау» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Исаева А.М. Қазақстан Республикасының Ұлттық иммундау күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация енгізілген күннен бастап 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылық пен өлім-жітім динамикасын талдауды зерттеу нәтижелерін ұсынды. Қазақстан 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылық абсолютті сандарда төмендеу үрдісінбайқатады. 2010 жылы бұл көрсеткіш аурушаңдық бойынша 17761 жағдайды құраса, 2020 жылы көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 52,1%-ға төмендеп, 8493 жағдайды құрады. Жүргізілген зерттеулер авторларға 2010 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияның енгізілуімен 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылықтың төмендеу тенденциясы айқын байқалады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 2010-2020 жылдар аралығында 1000 адамғашаққанда54,1-ден 20,1 жағдайға дейін1 жасқа дейінгі балаларда болатын пневмониямен сырқаттанудың төмендеуін көрсетті. Бұл жұмыс Исаева Асияның «Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация мысалында емханада профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруғаCOVID-19 пандемиясының әсері» атты магистрлік жұмысының аясында жүргізілді.
Басқа жаңалықтар

