«Экстремизмге қарсы күрес мәселелері»

11 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің 17-жатақханасында қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясының 1-курс докторанты,полиция подполковнигі Нұржан Әмірханұлы Ахмедов және полиция майоры Тен Айнұр Александровнамен “Экстремизмге қарсы күрес мәселелері” тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Қонақтар экстремизмнің қауіптілігі, жастардың санасын улау арқылы еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіру екендігі туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап қайтарды. Кездесудің мақсаты филолог студенттердің құқықтық білімдерін арттырып, экстремизм туралы түсініктерін кеңейтуге арналды.Кездесуге қазақ тіл білімі кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,оқытушы Арай Сәбитбекқызы Жүзбаева қатысып,өз ойымен бөлісіп отырды. Студенттер қонақтарға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.Кездесуді ұйымдастырған: қазақ филологиясы мамандығы 102-топтың кураторы Гүлшат Уабиденқызы Ахметалиева.
Басқа жаңалықтар

