
2021 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы бейне және аудиожазбалар арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, магистранттары мен докторанттарына көшбасшылық дәріс өтті.
Дәріс Білім күніне арналды. Дәріскер филология ғылымдарының докторы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты цифрландыру және әлеуметтік төтенше жағдайында жастардың көшбасшылық қасиеттерін және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу болып табылады.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Дәріс адамға бәсекеге қабілетті болу үшін қажет кәсіби өсу, көшбасшылық қасиеттер туралы мәселелерді қамтыды.
Дәрістің модераторы филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.У. Джолдасбекова болды.
Басқа жаңалықтар

