ҚОЖАКЕЕВ БИІКТІГІFarabi University

51

ҚОЖАКЕЕВ БИІКТІГІ

26 сәуір, 2021

Бүгін 2021 жылдың 23 сəуірінде сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетіндегі Е. Шаймерденов атындағы аудиторияда (214)IX Қожакеев оқулары аясында«ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ЗАМАНСӨЗ»атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік онлайн-конференциясы болып өтті. Кіріспе сөзді Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, беташар бата сөзді сатирик, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Көпен Əмірбекке ұсынды.



«Ақиқат жолындағы күрескер – профессор Т.Қожакеевтің Қазақ журналистикасы тарихын зерттеудегі еңбегі» атты негізгі баяндаманы жасаған ф.ғ.к., Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Медиакоммуникация жəне Қазақстан тарихы кафедрасының профессорыБейсенқұлов Аязбиөз сөзінде ғалым өміріндегі елеулі еңбектерін атай отырып, алдағы мерейтойында комиссия құрылып, ғалымдар назарына әлі де тың зерттеулер жасалу керектігіне ұсыныс жасады.



Конференция барысында шәкірттері ұстаз болмысын ашатын баяндама жасап, естеліктермен бөлісті. Мәселен, ф.ғ.к., Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорыБекжігіт Сердəлі «Қожакеев – қызметіне қатал, шəкіртіне мейірімді еді», Меркі ауданы, Меркі ауылындағы №39 жалпы білім беретін Темірбек Кожакеев атындағы мектеп гимназияның «Кожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клубының жетекшісі Гүлзира Бегімбаева «Т.Қожакеев– тағылымы терең тəлімгер, ұлт мақтанышы», Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреатыНұрлан Қалқа «Темірбек Қожакеев– ұлағатты ұстаз»,Тараз қаласынан сатирик, Жамбыл радиосының жетекшісіБақытжан Советұлы «Сатираның салмағы», Көкше Медиа ЖШС қарасты қалалық «Көкшетау» газетінің жауапты хатшысыБəйішева Гəкку «Қожакеев – менің диплом жетекшім», Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Баспасөз жəне баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.,Гүлмира Əшірбекова «Т.Қожакеев– баспасөз тарихын зерттеуші», Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы, «Аннұр сапа» баспасының директор-бас редакторыЕрмахан Шайхыұлы «Абыз да аңыз адам», «Шалқар» радиосының директоры, философия ғылымдарының кандидатыБолатбек Төлепберген «Ұлағатты ұстаз, бекзат болмыс», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті Баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасы, ф.ғ.к., доцент Гүлнар Өзбекова «Туралықты ту еткен» сынды ойлар айшықталып, ұстаз еңбегіне жан-жақты баға берілді.

Шара соңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 3-курс студенті Қуантай Жолдасбековтың дайындаған «Темірбек Қожакеев туралы» видеоматериалы көрсетілді.

Т.Қожакеев оқуларына арналған байқау сарапшылары:Ең үздік ғылыми жоба бойынша ақын, Ақпарат саласының үздігі Бекжан Әшірбаев; Ең үздік публицистика бойынша Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Нұржан Қуантайұлы; Ең үздік сатиралық туынды бойынша Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы, «Аннұр сапа» баспасының директор-бас редакторы; Ермахан Шайхыұлы; Ең үздік мультимедиалық жоба бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Медиакоммуникация жəне Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., Аязби Бейсенқұлов байқау нәтижесін жасады.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • 1-орынға«Ең үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша «Қазақ журналистикасындағы әйел публицистер: шығармашылық зертханасы, ұлттық мінез» тақырыбында Әл-Фараби атындағы КазҰУ, 2-курс магистранты Құралай Башанова (100.000 тг.);
  • 2-орынға:1. Ең үздік мультимедиялық жоба номинациясы бойынша «Темірбек Қожакеев туралы»Әл-Фараби атындағы КазҰУ, 3-курс студентіҚуантай Жолдасбеков(33.333 тг.);2. «Ең үздік публицистика» номинациясы бойынша «Ғазымбек Бірімжанның публицистикасы» тақырыбында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1 курс магистранты, жас ғалымДанияр Ихсан(33.334 тг.);3. «Ең үздік сатиралық туынды» номинациясы бойынша «Поздравляю, вы награждены автобусным лицемерием!» тақырыбында Әл-Фараби атындағы КазҰУ, 3-курс студенті Мария Матрунина(33.333 тг.) иленді.
  • 3-орынға:Ең үздік мультимедиалық жоба» номинациясы бойынша «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер" жобасы. Темірбек Қожакеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған сайт:«Әл-Фараби атындағы КазҰУ 2-курс студенті Аянқызы Анель (33.333 тг.); «Ең үздік мультимедиалық жоба» номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1 курс студенті, "Жүрек үні" бағдарламасы Ютубта жарияланды, СілтемеСамидин Аружан (33.333 тг.); «Ең үздік публицистика» номинациясы бойынша «Коммуникативная проблема троллинга в дискурсе современных медиа Казахстана», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің магистранты Қожабек Қарлығаш (33.334 тг.) иеленді.

Кезінде академик Зейнолла Қабдолов біртуар тұлға, ғұлама ұстаз, филология ғылымдарының докторы,профессор Т.Қожакеевке:«…Қысқасы, Темірбек деген бір мық шеге! Дүниенің қаны қашқан, қаусаған, қаңыраған жерін қағып-қағып жіберіп, қалпына келтіру үшін осындай адамдардан шеге жасар ма еді», – деп тамаша баға берген еді. Артында сан мыңдаған шәкірті бар өнегелі өмірге толы профессорТ. Қожакеевтің тұлғалық болмысы ешқашан ұмытылмақ емес.

Римма Жақсылықбаева,

Баспасөз және электоронды БАҚ кафедрасының доценті