ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА

Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экология саласында маманданған журналистерге арналған дәрістерін тыңдаған елуден астам БАҚ маманы экологиялық білімін арттырды.
Аталмыш курс 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтті.
БАҚ-та экологиялық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын талқыланып, оларды экологиялық мәдениетті арттыруы жолдарына дейін аталған шара ғалымдар, журналистер мен экологиялық саланың еріктілерін басын қосты.Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбынды журналистік материалдар даярлаудың медиа құралдарын үйрену модулі шығармашылық кешендіқамтыды.
ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек:
«Тұрғындар арасында экологиялық ақпарат таратудың үлкен жауапкершілігі бар.Экологиялық ойлау қалыптастыруда университеттердің салалық кафедраларының орны айрықша. Экология – алып ғалам. Сондықтан ол туралы білім мен ақпарат кеңінен таралуы және қолжетім болуы тиіс. 8 млрд тұрғыны бар жер бетінде адам баласы қандай ауамен тыныстайды және қандай су ішеді деген сұрақтар қоғам назарында. Деректер шынайы болуы жәнересми деректерге негізделуі экология мен қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады», - деп атап өтті.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойыншаАлматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік БюросыКоммуникация және ақпарат мәселелері жөніндегі маманы Сергей Карпов Тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық журналистика бойынша білім беру бағдарламалары мен электронды ресурстармен таныстырды.
УниверситеттіңБаспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ғалымдары,Тәжірибешіл экологтар қауымдастығыспикерлердің теориялық мәселеден практикалық дағдыларға дейінгікешенді қамтыды.Журналистер экопроблемаларды медиада жариялаудың векторларынан бастап, экология саласындағы деректердің шынайылығы, экологиялық тақырыптарға мультимедиалық сторителлинг құрудың әдістерін үйренді. Ақпараттық агенттіктерде экология тақырыбы қалай қамтылуы тиіс?Деректердің сенімділігі мен өзектілігін тексеруқұралдары қандай? Тұрғындардың экологиялық санасы менмәдениетін арттырудың тиімді мессиджері қандай? Экологиялық білім беру және тәрбие негізі қандай?
Экологиялық проблема өте көптігі рас, дегенмен ол әр адам баласының өміріне қатысты мәселе.Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі түсіндіруденбастап,мамандарБАҚ-та жиі аталатынбиосфераның ластануы,экотоксиканттар,төтенше жағдайлардан қорғану,экологиялық тәуекелдер,экологиялық ізді есептеу сияқты кәсіби проблемаларды кеңінен талқылады. Лабораториялық жағдайда журналистер судың органолептикалық көрсеткіштерін талдады.Журналистерге ұсынылғанэкологиялық минимум - биомузей, жасыл технологиялар зонасымен жақын таныстырған кампусқа экотурмен аяқталды.
ҚазҰУ ылыми кітапхана қоры «Экология. Тұрақты даму мақсаттары. Журналистика» тақырыбынды кітап және БАҚ материалдар мен Асылхан Абдраимның «Қазақстанның көркем табиғаты» фотокөрмесі де шараның әдістемелік, визуалдық модулын нығайтқаны рас.
Биылғы жылы универсиеттің салалас кафедралары арасында ғылыми-педагогикалық бағытта «Экологиялық журналистика» жаңа білім беру бағдарламасыашылады. Сондай-ақ қатысушылардың бастамасымен экологиялық тақырыпта жазатын журналистердің ұлттық желісін құру ұсынылды.
Экология саласында мәселе қордаланған. Бұл эколог ғалымдар мен журналистердің, еріктілердіңжаңа білім мен ақпараттық дағды жинаудағы ынтымағын арттырудың дәлелі.
Басқа жаңалықтар

