Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузаданың Мастер-класс нәтижелері.Farabi University

51

Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузаданың Мастер-класс нәтижелері.

23 наурыз, 2021

2021 жылы 15 наурызда Microsoft Teams платформасында көшбасшылықты дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы, Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузада PhD докторыхалықаралық қатынастар жне әлемдік экономика кафедрасымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін керемет мастер-класс өткізді. Мастер-класстың тақырыбы АЫМ психикалық жағдайын құру арқылы қызметкерлердің жұмысқа деген көзқарасын өзгертіп мемлекеттің жне ұйымдардың бсекеге қабілеттілігін арттыру болды.

Мастер-класстың практикалық мақсаты - пандемиядан кейінгі дәуірде қажетті көшбасшылық қасиеттерді қалай дамыту керектігін түсіну жне жобаларды ғана емес, сонымен қатар өз мансабын жне өз қабілеттерін басқара білу. Жағымсыз оқиғалардан көңіліңізді қалдырмай бәрін жай ғана сүйіспеншілікпен жне қызығушылықпен жасап сәттілікке жету!

Ағымдағы көшбасшылықты дамыту бойынша халықаралық сарапшы, FLIGBY-дың құрастырушысы жне елшісі Золтан Бузады қазіргі уақытта Венгриядағы ең көне университет Корвинус университетінің менеджмент жне көшбасшылық профессоры болып табылады. Ол «Missing Link Discovered: Planting Csikszentmihalyi’s Flow Theory into Management and Leadership Practice byusing FLIGBY, the Official Flow-LeadershipGame» кітабінің авторларының бірі. FLIGBY - бұл көшбасшылық дағдыларды алуға жне жұмсақ дағдыларды («soft skills») - біздің мансабымыз бен табыстарымызға тәуелді дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін авторлық іскери ойын. Топтың барлық мүшелеріне өздерінің шынайы қабілеттерін ашуға мүмкіндік бере отырып, жетістікке жету - көшбасшылардың міндеті. Профессор Бузаданың Қазақстанда, Ресейде жне Орталық Азияда топ-менеджментті дамыту бойынша тренингтер ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол бірнеше жүздеген қазақстандық корпорациялардың, ұлттық компаниялардың жне мемлекеттік органдардың басшыларына арналған тренингтер өткізді. Золтан Бузады көшбасшылық қасиеттерді дамыту нәтижесінде қазақстандық менеджерлердің зор әлеуетіне сенімді!

Сіздің назарыңызға мастер-класстың жазбасы: