- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі жетекші зерттеушілер мен ғылыми диаспора өкілдерін біріктірді
Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі жетекші зерттеушілер мен ғылыми диаспора өкілдерін біріктірді
2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі өтті. Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО-ның «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажет ғылым» тақырыбы аясында өтті. Пленарлық отырыс «ылым ордасында», ал секциялық мәжілістер қаланың жетекші бес жоғары оқу орнында ұйымдастырылды. Конгреске 1000-нан астам жас зерттеуші, 24 елден 80-нен астам шетелдік ғалым, ғылыми диаспора өкілдері, академиктер мен депутаттар қатысты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысушыларға құттықтау жолдап, жас ғалымдарды қолдаудың мемлекеттік басымдық екенін атап өтті. ылымды қаржыландырудың артуы, тағылымдамалар мен әлеуметтік қолдаудың кеңеюі сияқты шаралар айтылды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде зерттеу ортасын қалыптастыру, STEM-зертханаларды дамыту және дарынды оқушыларды қолдау бағытындағы жаңа бастамаларды таныстырды.
ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ғылыми жүйені жетілдіру жөніндегі Академия моделін ұсынып, форсайт-зерттеулер негізінде әзірленген 220 ғылыми-техникалық мәселе және 65 ғылыми-техникалық тапсырманы (ҒТТ) таныстырды. AI SilkNet форсайт орталығы, кеңістік-уақыттық жасанды интеллект зертханасы және отандық DeepBas моделі сияқты жаңа бастамалар жарияланды. Сонымен бірге PhD даярлау сапасын арттыру, зертханалық құрал-жабдықтарға қолжетімділікті кеңейту, өңірлік ғылымды қолдау ұсынылды.
Пленарлық отырыста шетелдік және отандық ғалымдар жасанды интеллект, пәнаралық интеграция, ғылымдағы халықаралық ынтымақтастық, үлкен деректерді басқару мәселелерін талқылады. АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің өкілдері қазақстандық зерттеушілердің жаһандық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін атап өтті.
Секциялар жаратылыстану ғылымдары, ғарыш, жасанды интеллект, агробиоресурстар, биомедицина, экология, білім беру және қоғамдық даму сияқты бағыттарды қамтыды. Сонымен бірге мастер-кластар, гранттар мен жарияланымдарға арналған кеңестер, жас ғалымдардың инновациялық жобалар көрмесі өтті.
Конгресс қорытындысында жас ғалымдар Президент айқындаған ғылымды дамыту бағытын қолдайтынын мәлімдеп, «ылым жастары» тұжырымдамасын іске асырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ҒТТ-ны қаржыландыру конкурстарына енгізу, PhD даярлау жүйесін жетілдіру, құрал-жабдыққа қолжетімділікті кеңейту және пәнаралық зерттеулерді дамыту ұсынылды. Конгресс материалдары негізінде инфографикалық рефераттар жинағы дайындалып, ҚР ҰҒА сайтына орналастырылады.
Кафедра меңгерушісі Тауанов Жандос Төреғұлұлы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған «Жер, ғарыш және коммуникация» секциясының модераторы болды.
Басқа жаңалықтар