Химия және болашақ кәсiптерiFarabi University

51

Химия және болашақ кәсiптерi

5 желтоқсан, 2025

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің «Химия» мамандығының 3-курс студенттері үшін педагогикалық практика аясында «Химия және болашақ мамандықтар: жылдам өзгеріп жатқан әлемде өз жолыңды қалай таңдауға болады» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кездесудің модераторы ретінде «8D07101–Мұнай химиясы» мамандығының 1-курс докторанты Джаткамбаева У. сөз сөйледі.

Іс-шара барысында студенттер химия саласындағы болашақ кәсіби қызметтің келесі бағыттарын атап көрсетті: 1. Молекулалық дизайн маманы, өйткені жасанды интеллекттің дамуы жаңа заттарды зертханада синтездеуге қарағанда әлдеқайда жылдам жасауға мүмкіндік береді; 2. Жасыл технологияларды енгізу инженері – болашақта қалдықсыз, қоршаған ортаға зиянды шығарындыларсыз өндірістерді қалыптастыратын маман. Бұл өндірістік қызмет саласындағы тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру және жаһандық экологиялық мәселелерді шешу үшін аса маңызды; 3. Сутекті энергетика және аккумулятор химиясы саласының маманы, оның міндетіне жаңа отын элементтері мен электродтар түрлерін жасау кіреді.

Кездесу соңында химия мен экологияның негізгі мәселелерін қамтитын викторина өткізілді. Студенттер берілген тапсырмаларды сәтті орындап, өз идеялары мен ұсыныстарын белсенді түрде білдірді, сұрақтарға жауап беріп, талқылауға қатысу барысында жоғары білім деңгейін көрсетті.

Жалпы, бұл іс-шара студенттерге оң әсерін тигізді, себебі ол олардың болашақ кәсіби бағытын таңдауға саналы түрде қарауына ықпал етіп, химияның жаһандық өзекті мәселелерді шешудегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 

Доцент Ташмұхамбетова Ж.Х.