Шетелдік оқытушы студентке ноутбук сыйлады
10 желтоқсан, 2025
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының Иран Ислам Республикасынан келген ерікті ұстазы Фахиме Шакиба ханым Аударма ісі (шығыс тілдері) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Ибрагим Іңкәрға парсы тілін үйренудегі жеткен жақсы жетістіктері үшін ноутбук сыйлады. Фахима Шакиба Иранның Рафсанджан қаласындағы Вали Аср университетінен келген ерікті ұстаз, философия докторы (PhD), көне иран тілдері мен мәдениетінің білікті маманы, кафедрада 2024 жылдан бері қызмет етеді.
Басқа жаңалықтар
15 желтоқсан, 2025
15 желтоқсан, 2025
15 желтоқсан, 2025