Farabi University

51

11 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фундаменталды медицина кафедрасында 24-02 оқу тобының студенттері (мамандығы – Стоматология) «Telemedicine Pilot for Rural Clinics» атты бейнежоба дайындады. Жоба Kадырова А.А., Акимниязова А.Н., Кудайбергенова А.К және Урнеш Н.О. оқытушыларының жетекшілігімен орындалып, ТДМ 3 – «Денсаулық және әл-ауқат» және ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну мен өндіріс» мақсаттары аясында жүзеге асырылды.
 
Жобада ауылдық өңірлерде телемедицинаны енгізудің негізгі артықшылықтары көрсетілген: медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медицина ұйымдарының жүктемесін азайту және ресурстарды тиімді пайдалану. Бұл жұмыс тұрақты дамуға және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға цифрлық технологиялардың маңызын айқындайды.