Жанар Баймаханқызы Құдьяроваға қауымдастырылған профессор атағы берілді
Химиялық физика және материалтану кафедрасы Құдьярова Жанар Баймаханқызына қауымдастырылған профессор ғылыми атағының берілуін зор қуанышпен хабарлайды. Бұл жетістік оның ұзақ жылдық еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және кафедраның ғылыми-білім беру үдерісін дамытуға қосқан елеулі үлесінің нәтижесі болып табылады.
Жанар Баймаханқызы – білікті педагог, жауапты ғылыми жетекші және өз саласының жан-жақты зерттеушісі. Оның ғылыми еңбектері заманауи химиялық физика мен материалтанудың маңызды бағыттарын қамтиды. Жоғары жарияланымдық белсенділігі мен ғылыми жобаларға қатысуы оның біліктілігі мен ғылымға деген адалдығын көрсетеді.
Қауымдастырылған профессор атағы — Жанар Баймаханқызының ғылым мен білім саласындағы еңбегінің лайықты бағасы.
Факультет, әріптестер мен студенттер Жанар Баймаханқызын осы маңызды кәсіби жетістігімен шын жүректен құттықтап, ғылыми және педагогикалық қызметінде толағай табыстар тілейді!
Басқа жаңалықтар