Қазiргi таңда факультет ірi ғылыми-бiлiм беру орталығы болып табылады, ол барлық үш оқыту сатысы бойынша жоғары бiлiктi халықаралық мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосады: бакалавриат - магистратура - PhD докторантура. Факультеттiң барлық мамандықтары жетекші әлемдiк аккредиттеу агенттiктерiмен аккредиттелген. QS Subject әлемдік рейтингiнде факультет мамандықтары жоғары орындарға ие: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі».
Заманауи білім беру технологияларын сәттi қолдана отырып, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласындағы жетекші кадрлар ұстаханасы болып саналады. Факультет түлектерi Республиканың мемлекеттiк органдарында, бизнес саласында, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етуде.
Факультеттiң ғылыми-педагогикалық қызметi республикада жане одан тыс жерлерде лайықты мойындалады және құрметке ие. Осы жылдар iшiнде факультет алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тұрақты серiктестiк қатынастар орнатты. Халықаралық ынтымақтастык студенттер мен оқытушылардың белсенді халықаралық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.
Түлектердің негізгі қызмет салалары:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Дипломатиялық өкілдіктержәне консулдық мекемелер;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік пен басқару органдарының, министрліктер мен ведомстовлардың сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттері;
- Құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, сот, адвокатура, нотариат
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар
- Халықаралық құқық бакалаврының кәсіби мақсатта пайдалануын қамтамасыз ететін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар басқа ұйымдар;
- түрлі салалар, меншік түрлері ұйымдарының экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері;
- мемлекеттік мекемелерде, аударма бюроларында және агенттіктерде жазбаша аудармашы.
Факультет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді басшылыққа алады: