Механика-математика
Сонау 1934 жылы негізі қаланған Қазақстандағы Қазақ мемлекеттік университетінің тұңғыш физика-математика факультеті ұлттық білім мен ғылым орталықтарының біріне және ағарту саласының алтын бесігіне айналды. Факультет –барлық сынақтардан абыроймен өтіп, математикадан, механикадан және ақпараттық технологиялардан елімізде кадрлар дайындау мен ғылыми зерттеулердің жетекші орталықтарының біріне айналды. Механика-математика факультетінің бүгінгі ғылыми жетістігі – факультетте жұмыс істеген және осы уақытқа дейін жұмыс істеп жүрген ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының шығармашылығы мен ынтасының арқасы.

Әлеуметтік желілер:
Факультет
Механика-математика факультетінің ұжымы уақыт тынысының талаптарына сай ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыра түсу және оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында қомақты жоспарлар жасап отыр. Ниеттеген жоспарды толыққанды жүзеге асыруға факультеттің пәрмені жеткілікті. Қазақстандағы тұңғыш механика-математика факультеті өз байрағын аспандата желбіретуден жалықпай, білім беру мен ғылымның барлық кезеңдерінде де Бірінші және студентердің, түлектердің, қызметкерлер мен ұстаздардың жүрегінде де Бірінші болып мәңгілікке қалады деген сенімдеміз. Қазіргі әлемнің нақтылығы біздің де уақытпен бірге қадам басып, факультетіміздің оқу үдерісін одан әрі жетілдіре беруді талап етеді.
Механика-математика факультетінің суденттері іргелі білім алады және таңдалған облыстарда қазіргі заманғы математика, механика және математикалық модельдеу саласында зерттеулерге кіріседі. ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің түлектері еліміздегі еңбек нарығында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және жаңа дағдыларды өз уақытында және сапалы түрде меңгеруге мүмкіндік беретін іргелі білімдерге ие болғаны белгілі, алайда, біз сонымен қатар уақытты үнемдеуге және оқу үдерісін одан әрі жетілдіріп отыруға тиіспіз.
Біз факультетте жаңа білімге және толыққанды диалогқа бағытталған мақсатты, белсенді және өршіл жастарды көруге әрдайым қуаныштымыз. Біздің факультеттің ғылыми және практикалық жетістіктері сіздерде, яғни болашақ студенттерімізде нақты көрінісін табатынына және ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің түлектеріне тамаша мансаптық перспективалар ашатынына сенімдіміз.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
Механика-математика факультеті жоғары білікті мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулердің жетекші орталықтарының бірі болып табылады:
- Іргелі және актуарлық математика
- Есептеу технологиясы және статистика
- Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориялары
- Механика&Բ;
- Ғарыштық техника және технологиялар
- Робототехникалық жүйелер
- Математикалық және компьютерлік модельдеу және қолданбалы математика
Механика-математика факультетінің студенттері математикадан, функциялар теориясынан, ықтималдық теориясынан және математикалық статистикадан, актуарлық математикадан, математикалық және қолданбалы логикадан, дифференциалдық теңдеулер мен олардың қосымшаларынан, Математикалық физика есептерінен, оңтайландырудан, механика (Теориялық және аспан) саласында, Деформацияланатын қатты дене механикасы, сұйықтық, газ, плазма және энергетика механикасы, машиналар, робототехникалық жүйелер, ғарыш техникасы мен технологиялары механикасынан, бағдарламалаудан, жоғары өнімді есептеулерден, алгоритмдерді параллельдеуден және, криптографияны, табиғи құбылыстарды, физика-химиялық және технологиялық процестерді, медициналық, биологиялық және экономикалық процестерді математикалық модельдеуді, деректерді интеллектуалды талдауды (деректерді талдау) болжау және есептеу, аналитикалық статистиканы зерттеу.
Сондай-ақ факультетіміздің көрнекті профессорлары мен шақырылған шетелдік профессорлардың өткізетін ғылыми семинарлары мен конференцияларына белсенді қатысуға мүмкіндік бар.
Әрине, әртүрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысуды ұмытпаңыз - спорттан бастап зияткерлікке дейін.
Біз "Математика", "Актуарлық математика", "Қолданбалы математика", "Механика", "Робототехникалық жүйелер", "Ғарыштық техника және технологиялар", "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын және Лотарингия университетімен (Франция) бірлесіп "Механика және энергетика", шампан-Арден Реймс университетімен (Франция) бірлесіп "Математика" және Ресей халықтар достығы университетімен бірлесіп, "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандықтары бойынша қос дипломды магистратураның бағдарламаларды ұсынамыз.
ылыми дәрежесін алғаннан кейін кәсіби қызметтің салалары мен объектілері: ғылым және ғылыми зерттеулер, білім беру және коммуникация, өндіріс және экономика, есептеу аналитикасы, талдау статистикасы, үлкен деректермен жұмыс істеу және статистика, биомеханика және нанотехнология; мұнай-газ саласы, телекоммуникациялық мекемелер; білім беру ұйымдары; өнеркәсіптік өндіріс, өнеркәсіп және энергетика, ғарыш техникасын пайдалануды реттеу, сақтандыру/қаржы ұйымдары, оның компаниялары. Дәреже алу кез-келген перспективалы салада Сәтті мансапқа жол ашады, өйткені математика барлық алдыңғы қатарлы оқиғалардың негізі болып табылады!
Біздің есігіміз озық білім алуға бағытталған және ол үшін қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын, жаңа білім мен толыққанды диалогқа ашық, мақсатқа ұмтылған, белсенді және өршіл жастар үшін ашық!
Бізге қосылып, сұранысқа ие маман болғыңыз келе ме? Онда бізге жазыңыз!
abiturient.kaznu@gmail.com немесе қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз!
Қабылдау комиссиясының нөмірі: +7 (727) 377 33 30, +7 (727) 377 33 33
Байланыс орталығы: +7 (727) 377 33 30
Веб-сайт:: https://welcome.kaznu.kz/
Онлайн тіркелу: https://univer.kaznu.kz/abiturient_user/login