Шығыстану факультеті
Біз өз факультетімізде Шығыс елдерінің шығыс тілдерін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең зерттеуге, сондай-ақ үнемі жұмыс істеуге және дамуға дайын екендіктерін көрсетуге бағытталған креативті, өршіл және жігерлі жастарды көруге әрқашан қуаныштымыз. Біз сіздердің шығыстану саласында сирек кездесетін білімді меңгеріп, өз әлеуетіңізді толық іске асыра алатыныңызға, академиялық ұтқырлықтың баға жетпес тәжірибесін алатыныңызға, халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына қатыса алатыныңызға, сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында үйлесімді дами алатыныңызға сенімдіміз! Біз Сіздерді факультетіміздің қабырғасында күтеміз!

Әлеуметтік желілер:
Факультет
1989 жылы 15 мамырда Қазақ ССР Үкіметі Жарлығымен құрылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындайтын ірі орталыққа айналды. Бұл кезең егемен Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы, шет елдермен ресми елшілік қатынастарының орнай бастаған тұсымен сәйкес келгендіктен, шығыстанушы мамандарға зәрулік туғаны заман талабы еді.
Азия және Африка елдері тарихы мен араб тілі кафедраларының негізінде 1989 жылы құрылған шығыстану факультеті Шығыс елдері тарихы мен тілдерін оқытуда өзінің 40 жылдық тарихына сүйенеді.
Алғашқы кезеңде жас шығыстану факультетіне маман оқытушылар мен оқу-әдістемелік құралдар жетіспеді. Факультетке Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан жоғары оқу орындарының шығыстану саласында білім алған мамандары мен шығыс тілінің төл иесі – шет елдік оқытушылар шақыртылды. Алғашқы түлектердің көбі факультет кафедраларында оқытушылық қызметке қалдырылды. Факультеттің құрылып, дамуы жаңа Қазақстан мемлекетінің құрылуымен қатар келді. Өтпелі кезеңнің ауыртпалығына қарамастан, ел үкіметі мен университет басшылығы факультеттің оқытушы-профессор құрамы мен материалдық базасының нығаюына, кітапхана қорының арнаулы әдебиеттермен толығуына үлкен көңіл бөлді. Ол, әсіресе 1990 жылдың 9 сәуіріндегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Жарлығындағы С.М.Киров атындағы ҚазМУ шығыстану факультетінің оқу-материалдық базасын нығайтудың шараларында ерекше атап көрсетілген.
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88