ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжБД

24.01.2025 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының «Деректер туралы ғылым» және «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының студенттері кафедраның аға-кураторы Шолпан Тлетайқызымен бірге Алатау театрына "Теміртас" қойылымын тамашалауға барды.
«Теміртас» қойылымы — қазақ театрының көрнекті туындыларының бірі. Бұл қойылым қазақтың ұлттық, мәдени және рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында сахналанған. Жазушы, драматург Нұрлан Орманбетовтің туындысы негізінде қойылған «Теміртас» пьесасы, қоғамдағы терең әлеуметтік мәселелерді қозғап, адамзаттың өміріндегі маңызды моральдық құндылықтарды қарастырады.
Қойылымның басты тақырыбы – адамның өмір жолындағы күрестер мен қиындықтар, өз-өзімен және қоғаммен қарым-қатынасы. Әр түрлі өмірлік жағдайлар мен күрестер арқылы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі мен рухани әлемі көрсетіледі. «Теміртас» қойылымында адам бойындағы күш-жігер, ерлік пен батылдық, адами қасиеттердің маңызы ерекше бейнеленеді.
Ұйымдастырушы: Аға Куратор-эдвайзер Шолпан Тлетайқызы.
Басқа жаңалықтар

